Меморандумға қол қойылды

Меморандумға қол қойылды

    

2022 жылғы 12 наурызда Қарағанды жоғары политехникалық колледжі мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 52859 әскери бөлім арасында Меморандум жасалып, қол қойылды. Іс-шараға Қарағанды жоғары политехникалық колледжі директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Александр Александрович Ковалев пен командир рынбасары тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Жанат Болатұлы Омаров қатысты.

Бұл Меморандумның мақсаты-Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру болып табылады,онда басым стратегиялық мақсаттар белгіленген. Олардың бірі студенттерді әскери-патриоттық тәрбие бағдарламасы арқылы кешенді, тұлғаға бағдарланған оқыту үшін бірыңғай білім беру кеңістігін беру, сондай-ақ жастарды қазақстандық патриотизм рухы бағытында тәрбиелеу,әскери шеберлік дағдыларын бойға сіңіру болып табылады және өз Отанын қорғауға дайын болуды үйретеді.

Екі тарап жасалған меморандум шеңберінде жастарды тәрбиелеуге, оларды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызметке даярлауға бағытталған өзара ынтымақтастық қағидаттарын басшылыққа алады.Сондай ақ бұл меморандум жастарды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғау академиясына оқуға түсуге немесе келісім-шарт бойынша жұмысқа орналасуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасыт Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде мерзімді әскери қызмет өткеруге жол ашады.

 

ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімі