
Жаңа Қазақстан жобасы аясында, құтқарушылар өсіп келе жатқан ұрпаққа және ТЖМ жүйесіндегі болашақ кадрларға жоғары назар аударады. Солай Шығыс Қазақстанда ТЖД қызметкерлері талапкерлермен кәсіптік бағдар беру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Мектептерге бара отырып ШҚО ТЖД мамандары оқушыларға құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің кәсібін қалай игеру керек және шұғыл жағдайда адамдарға көмек көрсетуге өзін қалай арнау керектігі туралы егжей-тегжейлі түсіндіреді. Көпетеген жылдар бойы ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы ең танымал болды, өйткені осы жерде азаматтық қорғау лейтенанты шенін алады және ТЖ қатарында жүз пайыз жұмыспен қамтамасыз етіледі. Академияға түсу үшін ҰБТ, ТКТ баллын жинау және медициналық комиссия мен дене күш дайындығынан сәтті өту қажет. Жақында Департамент қабырғасында болашақ күрсанттар мен олардың ата-аналары үшін ШҚО ПД Әскери-дәрігерлік комиссияның төрағасы Батила Молдакановамен кездесу өткізілді, ол медициналық куәләндіруді қалай сәтті өту керектігі туралы хабардар етті және қатысқандардың көптеген сұрақтарына жауап берді.
ҚР ТЖМ Академиясын бітірудің артықшылығы – ол кепілді жұмысқа орналасу, әлеуметтік кепілдіктер, лайықты шәкіртақы. Лайықты және құрметті мамандық иесі болғыңыз келсе және адамдарға көмектескіңіз келсе, саған Академияға түсу керек. Анықтама телефондары 57-03-28.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі