
Атбасар ауданында мұзды жару жұмыстары жүріп жатыр. Келесі аптада облыстың басқа аудандарында да жұмыстарды бастау жоспарлануда. Жарылыс жұмыстарын жүргізе отырып, ТЖД құтқарушылары кептеліске бейім учаскелерде су тасқынының қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді.
Жарылыс орны кездейсоқ таңдалмаған. Жабай, Жыланды, Есіл өзендерінде тасқын сулардың өтуі кезінде күрделі жағдайлар – жағалаулардың су басуына әкеп соқтыруы мүмкін мұз кептелісі туындайды. Бұған жол бермеу үшін құтқарушылар жарылғыш құралдарымен жқмыс жасайтын мамандар мұзды алдын ала ұнтақтайды.
Құтқарушылар зарядтардың саны мұздың қалыңдығына байланысты алдын ала есептелетінін атап өтті. Алдымен тесіктер бұрғыланады. Біреуі шамамен бес минутты алады. Жарылғыш заттарды қою құпия процесс. Мамандар қауіпсіздік мақсатында жұмыс орнына бөтен адамдарды жолатпайды. Жоғарыда көрсетілген аудандарда бұзылған жерлердегі өзендердегі мұздың қалыңдығы 80 сантиметрді құрайды. Ұсақтау нәтижесінде 10 мың шаршы метрден астам жер қамтылды.
Ақмола облысында көктемгі су тасқыны кезеңі әдетте наурыздың екінші онкүндігінен басталып, сәуірдің үшінші онкүндігінің ортасына дейін созылады.
Облыс құтқарушылары тұрғындар мен қонақтардан жарылыс жұмыстары кезінде мұзға шықпауды, сондай-ақ, жарылыстардың дыбыстарын естіген кезде тыныштықты сақтауды - бұл мұзды жоспарлы түрде ұсақтау екендігін естен шығармауды сұрайды.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі