Акция аясында 50 құтқарушы қан тапсырды

Акция аясында 50 құтқарушы қан тапсырды

Бүгін Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері «Донор күні» акциясына қатысты.

Қарағанды облысы ТЖД 50-ден астам қызметкері облыстық қан орталығы ұйымдастырған «Донор күні» акциясына қатысты. Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері қан тапсыру бойынша ұйымдастырылған әлеуметтік акцияларға қатысып, қан тапсырып, бірнеше жыл бойы донор болып келеді. Олардың көпшілігі тұрақты донорлар. Мұндай акцияны өткізу нағыз құтқарушылардың тек төтенше жағдайларда ғана емес, үнемі көмекке келуге дайын екендігін дәлелдейді.

 

Қарағанды облсы ТЖД баспасөз қызметі