ШҚО-да профилактикалық қар көшкіні жалғасуда

ШҚО-да профилактикалық қар көшкіні жалғасуда

«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының және ШҚО ТЖД мамандары қар көшкінінің өздігінен түсуіне жол бермеу мақсатында "Өскемен - Самар"автожолында кезекті профилактикалық іс-шара өткізді. Көлемі 2470 текше метр жиналған қар 3 учаскеден тасталды.

«Біздің бақылаушы-мамандар күн сайын көшкінжинақ жағдайына мониторинг жүргізеді.  Қар өлшеу рейклері олар қардың мөлшерін және оны тастау қажеттілігін анықтайды. Көп ұзамай көктем – қар ери бастаған және өз салмағымен беткейлерден оңай кететін ең көшкін қауіпті уақыт. Сондықтан азаматтарымызға дауылды ескертулерге құлақ асуды және егер көшкін қаупі жарияланса, тауға барудан бас тартуды ескертеміз» - Омар Дүзгімбаев-Қазселденқорғау ШҚ филиалының басшысы.

Қыс кезеңінің басынан бері облыста жалпы көлемі 62370 текше метр болатын 65 рет қар түсірілді.

ШҚО ТЖД ұсынады: маршрутқа шыққанда ауа райы болжамын ескеріңіз. Тауға қар жауғанда, боран мен дауыл кезінде шығуға болмайды; жалғыз және тәуліктің қараңғы уақытында жорыққа шықпаңыз. Маршрут пен жоспарлар туралы жақындарыңызға, құтқарушыларға міндетті түрде хабарлаңыз.

Қар көшкіні кезінде қалай әрекет ету керек: жартастың, ағаштың артына тығылуға тырысыңыз, жерге жатыңыз, басыңызды қолыңызбен қорғаңыз, киім арқылы дем алыңыз; көшкінге түсіп, бетінде қалу үшін жүзу қозғалысын жасаңыз; қарға батырған кезде тізеңізді ішке  қарай тартыңыз, көшкіннің тоқтауын күтіңіз, жоғарғы-төменгі жағын анықтаңыз және шығуға тырысыңыз

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.

 

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі