«Қазавиақұтқару» АҚ филиалының авиапаркі жаңа «Ми-8АМТ» тікұшағымен толықты

«Қазавиақұтқару» АҚ филиалының авиапаркі жаңа «Ми-8АМТ» тікұшағымен толықты

2022 жылғы 10 наурызда Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы танысу үшін «Ми-8АМТ» жаңа тікұшағымен толықтырылған «Қазавиақұтқару» АҚ филиалының авиапаркіне барды.

«Ми-8АМТ» жаңа тікұшағы барлық қосымша жабдықтарымен жабдықталған. Борттағы адамдар санының жалпы сыйымдылығы 14 адам,  жүк көтергіштігі 13 000 кг. дейін және барынша рұқсат етілген жылдамдығы – 250 км/сағ. Сонымен қатар баллонеттер (суға авариялық отырғызу құралы); ПЗУ (шаңнан қорғау құрылғысы); СГ-300 (адамдар мен жүктерді су бетінде қалқып тұрған жерден көтеруге арналған шығыр); ӘКҚ (өрт сөндіруге арналған суағар құрылғы, су алу көлемі – 3 000 кг.); Авариялық салдар мен кеудешелер сияқты қосымша жабдығы бар.

Қарау барысында Ақтау қаласындағы «Қазавиақұтқару» АҚ өкілі Өтеген Абдуахитұлы Базаров авиациялық құтқару бөлімшесінің ағымдағы қызметімен және тікұшақтардың тактикалық-техникалық сипаттамасымен таныстырды.

Бүгінгі күні Маңғыстау облысының гарнизоны азаматтық қорғау саласында шұғыл көмек көрсету бойынша міндеттерді орындау үшін 2 әуе кемесімен жабдықталған, атап айтқанда: «Ми-8АМТ» және «ЕС-145» Еурокоптері.

 

       Маңғыстау ТЖД баспасөз қызметі