
52859 әскери бөлімінің жиынтық құтқару батальонының 45 адамнан тұратын жеке құрамы және 9 бірлік техникасы 2022 жылғы 3 наурыз сағат 07.20-да Қарағанды облысының Садовое кентінде оқу-жаттығуға қатысу үшін сапарға шықты.
Оқу-жаттығу барысында зардап шеккендерді судан құтқару; мұз кесу жұмыстарын жүргізу; жағалауды нығайту жұмыстары; зардап шеккен халықты эвакуациялау іс жүзінде пысықталды.
Оқу сұрақтарын пысықтау барысында жеке құрам жақсы дене және психологиялық дайындықтың, сондай-ақ батальон командирінің шебер басқаруының арқасында тапсырманы сәтті орындады. Әсіресе көздерінде сөнбейтін от жалындаған жиынтық құтқару батальонының жедел қызметінің әскери қызметшілерін ерекше атап өткім келеді.
52859 әскери бөлімі