Павлодар облысында өңірдің су тасқыны жағдайы туралы брифинг өтті

Павлодар облысында өңірдің су тасқыны жағдайы туралы брифинг өтті

2022 жылғы 6-7 наурыз аралығында ауа райының қолайсыздығына байланысты Павлодар облысының аумағында аулалар мен автожолдарды су басты. Бұл туралы брифингте Павлодар облысы ТЖД ТЖ жою басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ақылбек Баяхметов хабарлады.

2022 жылғы 6 наурызда Баянауыл ауданының Бірлік ауылында жауын-шашынға байланысты аула аумағын су басу орын алды.  ТЖД және ЖАО күшімен еріген қар және жаңбыр суларын сору жұмыстары жүргізілді. Оқиға орнына 11 адам, 3 бірлік техника және 1 мотопомпа жұмылдырылды. Сондай-ақ, қалың қардың еруі мен жаңбырдың салдарынан Бірлік ауылына кіреберіс жолдың оң жағынан ені 5-8 м, биіктігі 4-5 см құрайтын жол төсемін су шайып кетті. 2022 жылдың 8 наурызында жұмыстар аяқталды.

2022 жылғы 7 наурызда 16 сағат 15 минутта Баянауыл ауданына № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдарынан 4 адам, 1 бірлік техника, 1 тіркемелі мотопомпа және 3 жылжымалы мотопомпа жіберілді. Барлығы 1400 м3 су сорылды.

Баянауыл ауданының ТЖ бөлімі «Ташатова» ЖК-мен бірлесіп Бірлік ауылында су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асырған қызметкерлер үшін ыстық тамақ және жеке құрамның демалатын орындарын ұйымдастырды.

Спикер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Құндыкөл ауылында еріген қар суының жиналғаны анықталғанын атап өтті. Ауылдық округ әкімі бұл ақпаратты растамады, аула учаскелерін су басу жағдайлары болған жоқ. Су ауыл арқылы, дала массивіне өтті. Бұру арналары бойынша жұмыс жүргізілді.

«2022 жылдың 7 наурызында Май ауданының Көктөбе ауылында Абылайхан көшесінде аула аумағын су басты. ТЖД және ЖАО күшімен еріген қар және жаңбыр суларын сору жұмыстары жүргізілді. Барлығы 22 адам, 4 бірлік техника және 5 мотопомпа жұмылдырылды. Барлығы 4500 текше метр су сорылды. 2022 жылдың 8 наурызында 16 сағат 30 минутта жұмыстар аяқталды», - деп атап өтті Ақылбек Баяхметов. 

Саты кентінен Ақшиман кентіне дейінгі аудандық маңызы бар автожолда қалың қардың еруі мен жаңбырдың салдарынан жол бойында су жиналып, 45 км-ге, 55-60 км-ге жолды шаю қаупі болды. ЖАО мен «Павлодар жолдары» ЖШС күшімен жол нығайтылды. Су деңгейі төмендеді, қауіп жоқ.

Брифинг соңында спикер журналистердің барлық сұрақтарына жауап берді.

 

Павлодар облысы ТЖД ҚБТ