ТЖМ-де нәзік жандыларды құттықтады

ТЖМ-де нәзік жандыларды құттықтады

Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінде 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мерекелік шара өтті.

Министр салтанатты жиында өз тағдырларын азаматтық қорғау органдарында қызмет етуге, төтенше жағдайға тап болған жандардың өмірлерін құтқаруға және қорғауға арнаған қиыншылыққа толы қызметін жақындарына деген қамқорлықпен, бала тәрбиесімен және отбасының жайлы қамын жасаумен қатар алып жүрген барлық әйел-әріптестерін құттықтап, алғысын бідірді.

Сонымен қатар министр бүгінгі күні азаматтық қорғау органдарында 3 000-нан астам әйел қауымы ер азаматтармен қатар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласында қызмет атқарып жүргенін атап өтті.

Салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі