
2022 жылғы 4 наурызда республикалық «Көктем-2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуды өткізу шеңберінде Төтенше жағдайлар вице-министрі М. Күлдіков және БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Е. Өтегенов Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданына жұмыс сапармен барды.
Сапар барысында Ақжайық ауданының әкімі 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар Жол картасының шеңберінде Жайық өзенінің жағалауын нығайту бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы туралы баяндады.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД
Төтенше жағдайлардың
алдын алу басқармасы