3-4 наурыз аралығында Қазақстанда «Көктем-2022» Республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығулары өтуде.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты-су тасқыны кезеңінде туындаған ТЖ ден қоюға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының дайындығын тексеру.
«Көктем-2022» республикалық КШОЖ аясында Қостанай қ.Дружба тұрғын үй алабында қауіп және су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуы жағдайында іс-қимылдарды пысықтау бойынша облыстық тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар басталды. Сонымен қатар барлық қалалар мен аудандарда қалалық және аудандық ТЖҚ өтеді.
Оқу-жаттығу барысында облыс қызметтерінің, облыс қалалары мен аудандары әкімдіктерінің алдағы су тасқынына дайындығын тексеру ұйымдастырылды. Өңір аумағында, қалалар мен аудандарда республикалық және облыстық оқу-жаттығулар штабы жіберген кіріспе жаттығуларды практикалық пысықтаумен 20 тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді.
Сондай-ақ оқу-жаттығу барысында арықтарды, су өткізу құрылыстарын, құбырларды тазалау, елді мекендер аумағынан қар шығару жұмыстары ұйымдастырылды. Жыл басынан бері барлығы 600 мың текше метрден астам қар шығарылды. Су тасқыны кезеңінде облыстың қалалары мен аудандарында 131 тонна ЖЖМ, 9 мың тоннадан астам инертті материалдар, 45 мың дана қаптар дайындалды, азық-түлік жеткізуге 59 ниет-шарт жасалды. Қажет болған жағдайда адамдарды орналастыру орындары, үй жануарларын айдап әкету орындары анықталды. ТЖ-ға жедел ден қою және оларды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін жалпы саны 2 649 адам, 1 070 бірлік техника және 114 бірлік жүзу құралдары, 272 су сорғыш сорғылар, оның ішінде 269 мотопомпа облыстық күштер мен құралдар тобы құрылды.
Облыстың 6 ауданында су айдындарында жарылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған, күн сайын ғарыштық түсірілімдерге мониторинг жүргізіледі.
Жалпы облыс алдағы су тасқынына дайын.
Қостанай облысының ТЖД
ТЖ жою бөлімі