Бүгін Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде туды табыстау рәсімі өтті. Жалауды салтанатты түрде ҚР Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі полковник Ибрагим Күлшімбаев табыстады. Шараға ТЖД құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріқ атысты.
Ибрагим Күлшімбаев жалауды табыстай отыра, бұл салтанатты шарада құрмет, ерлік пен даңқ нышаны - Қарағанды облысы ТЖД жалауын табыстау құрметі бұйырғандығын жеткізді және жалаудың тек бейбіт уақыттарда, мерекелік іс-шараларда және департамент өміріндегі аса маңызды оқиғаларда ғана ашылуын тіледі.
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы М.Қ. Қатпанов өз кезегінде: «Құрметті және қорғалғалатын нышан ретінде жалау департаменттің ең жақсы дәстүрлерін қолдауға және дамытуға мүмкіндік береді, қызметкерлердің жоғары моральдік деңгейін қалыптастыруға және таңдап алынған жұмысқа деген адалдықты қалыптастыруға көмектеседі. Туды қабылдап, Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері алдында тұрған барлық міндеттерді жоғары деңгейде орындайды деп сендіруге рұқсат етіңіздер »,-деп айтып өтті.
Одан кейін бірінші вице-министр Ибрагим Күлшімбаев Қазақстан Республикасы ТЖ министрінің атынан өз міндеттерін адал атқарғаны үшін және 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге байланысты ерекше көзге түскен әйелдерге грамоталар мен алғыс хаттарды табыс етті.
Қарағанды облысы ТЖД-нің баспасөз қызметі