«Көктем – 2022» оқу-жаттығуының қорытындысы шығарылды

«Көктем – 2022» оқу-жаттығуының қорытындысы шығарылды

2022 жылғы 3-4 наурызда «Көктем-2022» республикалық командалық – штабтық оқу-жаттығуының қорытындысы шығарылды. Оқу-жаттығу көктемгі кезеңдегі ТЖ жоюға Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дайындау, сондай-ақ су тасқыны қаупі жағдайында ел халқы мен аумағын қорғауды ұйымдастыру бойынша басқарушылық шешімдерді пысықтау мақсатында өткізілді. Оқу-жаттығудың республикалық штабы Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында өрістетілді. Оқу-жаттығу Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіковтің басшылығымен өтті.

Су тасқыны жағдайының ықтимал күрделенуіне жедел ден қою мақсатында саны 10 мың адам және 1 700 бірліктен астам техниканы құрайтын азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарының арнайы топтары құрылды.

Оқу-жаттығу күндері 3-4 наурыз аралығында елді мекендерден 1,5 млн. м3 астам қар шығарылды. Қазіргі уақытта қар шығару жалғасуда. Халықтың әлеуметтік осал топтарының 1 мыңнан астам отбасына үй маңындағы учаскелерді қардан және үйлердің шатырларынан мұзды тазарту бойынша көмек көрсетілді. 2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде 9 мыңнан астам арықтар мен каналдар, 10 мыңнан астам су өткізу құрылыстары сең жүруді өткізуге тазартылып, дайындалды. Ұзындығы 43 мың метр қазіргі бар бөгендерді жөндеу жүргізілді, 39 мың метр қашықтықта жағалауды бекіту орындалды. 25,5 мың тонна көлемінде жанар-жағар май қорлары, 300 мың тоннадан астам инертті материалдар және 900 мың данадан астам қаптар дайындалды. Эвакуацияланатын халықты қабылдайтын 3 мыңнан астам пункт анықталды, эвакуациялау бағыттары жаңартылды және қажетті көлік дайындалды.

Бұдан басқа өңірлерде су тасқыны жағдайы күрделенген жағдайда Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Маңғыстау облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, РЖҚЖ және ТЖМ әскери бөлімдерінен жиынтық жасақтардың күштері мен құралдарының топтары, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелері жедел жіберу үшін дайындалды.

Мәселен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде авариялық жағдайлар туындаған жағдайда электрмен жабдықтаудың 600 бірліктен астам автономды көздері дайындалды. Энергия көздерінің отын қоймаларында 2 млн. тоннадан астам көмір және шамамен 115 мың тонна мазут жинақталған. Инертті материалы бар 30 мыңнан астам қаптар дайындалды.

Метеорологиялық бақылау үшін 341 метеостанция дайындалды, оның ішінде 113 автоматты, 6 гидрологиялық бекет және 10 экологиялық бақылауға арналған.

Көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлар кезінде инертті материалдардың 50 мың тоннадан астам және 3000 тонна жанар-жағармай материалдарының авариялық қоры жасалды. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ұзындығы 261 км болатын 445 су тасқыны қаупі бар учаскелер анықталды.

Су басуға бейім темір жолдардың 673 учаскесі анықталды. Қажетті материалдары бар (кесек тас, рельстік пакеттер, темірбетон шпалдар) 45 шаюға қарсы пойыздар құрылды.

Санавиация желісі бойынша 33 әуе кемесі (20 ұшақ және 13 тікұшақ) дайындалды және күту режимінде тұр.

Су басу аймағынан жануарларды эвакуациялау үшін су айдындарының орналасуын және жоғары вольтты электр беру желілерінің өтуін ескере отырып, малды айдаудың қауіпсіз орындары мен бағыттары анықталды.

Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша су тасқыны қаупін болдырмау үшін жергілікті атқарушы органдарға елді мекендерді, автомобиль және темір жолдарды, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін тасқын сулардан қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдау, сондай-ақ мамандандырылған инженерлік техниканы, мотопомпаларды, су тасқыны қаупі бар елді мекендердің жанындағы инертті материалдар қорын шоғырландыру ұсынылды.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі