
Алматы облысында мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері жем-шөп базасын құру және дайындалған шөпті сақтау үшін барлық күш-жігерін жұмсауда. Алматы облысы ТЖД барлық жерде шөп дайындықтары жерлерінде өрті болдырмауға бағыттаған алдын алу іс-шараларын жүргізуде.
Құтқарушылар шөп шабу орындарына рейдтер жүргізеді, шаруа қожалықтарының басшыларымен әңгімелесу, ауыл шаруашылық техникаларының жүргізушілерімен нұсқаулық, халықпен жиын өткізеді, жем-шөпті сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігін түсіндіреді.
Бірақ өткізілген іс-шараларға қарамастан, облыста шөп дайындау кезінде аулаларда, шаруа қожалықтарының аумақтарында өрт оқиғалары бар. Осындай өрттердің негізгі себептері отты абайсыз пайдалану, өрт және балалардың отпен ойнауы.
Осыған байланысты құтқарушылар ұсынады: