Ақтөбе облысында «Көктем-2022» РКШО басталды

Ақтөбе облысында «Көктем-2022» РКШО басталды

Оқу-жаттығудың бірінші күні Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Р.Г.Хамбаров оқу-жаттығудың барлық қатысушыларының алдына «Көктем-2022» РКШО өткізу кезеңіне міндеттер қойды. Шартты ТЖ жою бойынша жедел штаб құрылды. АҚ облыстық қызметтерінің бастықтары мен аудан әкімдерінің күштер мен құралдардың дайындығы туралы баяндамалары тыңдалды.       

Бұдан әрі ТЖ министрлігінің кіріспе сөзіне сәйкес Астана ауданының Құрашасай ауылында далалық лагерь және жылжымалы басқару пункті ашылды.

Облыс әкімі О.С. Оразалин және оның бірінші орынбасары Р. Г. Хамбаров, сондай-ақ ТЖД бастығы М. Т. Аманбаев оқу-жаттығу орнына келіп, арықтарды, арналарды, автомобиль жолдарының көпірлерінің су өткізу құрылыстарын сең жүру мен еріген суларды өткізу бойынша жұмыстарды нақты жағдайда тексерді.

Сонымен қатар аталған елді мекеннің оқу орындарында, кәсіпорындарында көктемгі су тасқынынан туындаған төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарды түсіндіру бойынша жұмыс жүргізілді.

Жалпы Құрашасай ауылындағы практикалық іс-шараларға ТЖД, Ұлттық Ұланның күштері мен құралдары, Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының ЖАО және волонтерлар саны 167 адам, 38 бірлік техника жұмылдырылды. Осындай тәжірибелік жұмыстар облыстың басқа аудандарында су тасқыны қаупі бар учаскелерде жүргізіледі. Алдын алу іс-шараларын орындау арқылы азаматтық қорғау қызметтерінің, ТЖД авариялық-құтқару құралымдарының 1100-ден астам адамы мен 500-ден астам техникасы жұмылдырылған.

Облыс орталығы мен аудандарында барлығы 38 практикалық іс-шара өткізілді. 692 адам және 220 бірлік техника тартылды. 21,075 мың тонна қар шығарылды, 62,9 км арықтар, каналдар тазартылды.

 

Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі