Кинолгиялық есепторды сертификациялау сынағы ақяталды

Кинолгиялық есепторды  сертификациялау сынағы ақяталды

Төрт күн бойы кинологтар мен олардың сенімді көмекшілері әр түрлі жағдайларда: табиғи ортада немесе техногендік үйінділерден зардап шеккендерді іздестіру кезінде қажет болатын барлық элементтер мен жаттығуларды пысықтады.

Жедел-құтқару жасақтарының кинологиялық есептерінің сертификациялық сынақтарының салтанатты жабылу рәсімінде Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Саид Шазындаұлы Молдақараев: «Сіздердің сертификациялық сынақтар барысында көрсеткен лайықты нәтижелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Расында, кез-келген техникалық құрал қызметтік иттерді ауыстыра алмайды. Қашан да таптырмас көмекші болған иттеріңізге тек сәттілік тілеймін. Адам өмірін құтқару үшін бірлескен еңбектеріңіз үшін рахмет!», - деп атап өтті.

Бүгінде сертификациялық сынаққа келген 29 кинологиялық есептоптың 14-і сертификаттаудың «А» класына өтіп, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге рұқсат алды. Ал қалған 15 кинологиялық есептопқа белсенді қатысқаны үшін Қызылорда облысы ТЖД бастығының арнайы мақтау қағазы табысталды.