Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, басқару органдарын, күштер мен құралдарды алдағы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындау мақсатында 3-4 наурызда «Көктем-2022» республикалық командалық–штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Оқу-жаттығудың бірінші күні облыс әкімінің орынбасары Вадим Басин Борисович оқу-жаттығудың барлық қатысушыларының алдына «Көктем-2022» РКШО өткізу кезеңіне міндеттер қойды. Әрбір өңір үшін практикалық іс-қимылдарды пысықтау үшін жеке кіріспе тапсырмалар айқындалды. Іс-шаралар облыстың барлық өңірлерінде өткізіледі.
Оқу-жаттығу алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде Қарағанды облысының аумағында су тасқынына қарсы шаралар кешені жүргізілуде: халықты және басқару органдарын төтенше жағдай туралы хабардар ету, су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлар қаупі және туындауы кезінде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу бойынша барлық қызметтердің іс-қимылдары; эвакуациялық пункттердің жай-күйін тексеру, эвакуациялау бағыттарын пысықтау мәселелері айқындалуда.
Автомобиль және теміржол көпірлерінің арықтарын, арналарын, су өткізу құрылыстарын сел жүру мен тасқын суларды өткізуге дайындау, қорғау бөгеттерін, бөгеттер мен үйілме құрылыстарды нығайту бойынша іс жүзінде іс-шаралар орындалуда. Сондай-ақ, елді мекендерден қар шығару, ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ үй маңындағы учаскелерді, әсіресе халықтың әлеуметтік топтарын қардан және мұздан тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Облыс әкімінің орынбасары Вадим Борисович ТЖД бастығы Мұрат Қатпановпен бірлесіп Бұқар Жырау ауданының елді мекендерінде жүргізіліп жатқан практикалық жұмыстардың барысын тексерді. Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық 2021 жылдың жазында басталды. Облыс бойынша барлығы 174 практикалық іс-шара жоспарланған. Қорғау біліктерін нығайту, қар шығару, каналдарды, арықтарды, су өткізу құрылыстарын тазалау, орларды кесу және т. б. Облыста су басуы мүмкін және су тасқыны қаупі бар аймақта орналасқан 158 елді мекен ерекше бақылауға алынды. Су басу қауіп бар өңірлерді аралау жүргізілуде. Барлық гидроқұрылыстар ерекше бақылауда. Алдын алу және жою жұмыстарын жүргізу үшін 8000-нан астам адам, 2400-ден астам техника дайындалды.
Жалпы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жүргізілуде және тұрақты бақылауда.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі