
2022 жылғы 3-4 наурыз аралығында Қазақстанның барлық аумағында «2022 жылғы су тасқыны кезеңінде ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Көктем-2022» Республикалық командалық - штабтық оқу-жаттығулары өтуде.
Оқу-жаттығуларға қатысушылардың алдында көктемгі кезеңдегі ТЖ алдын алуға бағытталған су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенін ұйымдастыру, ТЖ алдын алу және жою кезінде азаматтық қорғаудың бағынысты күштері мен құралдарын басқару бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдары мен өзара іс-қимылдарының үйлесімділігін жетілдіру, құлақтандыру және байланыс жүйелерінің әзірлігін тексеру, материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық резервтер қорларын құруға мониторинг жүргізу, аумақтың қауіпсіздік паспорттарын, ТЖ-ны жою, іс-шаралар мен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, су тасқыны жағдайының дамуын болжауды ескере отырып, ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссиялардың, су тасқынына қарсы және эвакуациялық комиссиялардың, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының жедел штабтарының жұмысын ұйымдастыру, түсіндіру жұмысын және халықты оқытуды ұйымдастыру.
Шығыс Қазақстанда өңірдің азаматтық қорғау қызметтері мен мүдделі органдардан штаб құрылды, олар су тасқынына байланысты көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарды пысықтады.
Ағымдағы жылы республикалық штаб оқу-жаттығуды үйлестіру және басшылық ету бойынша Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында орналасқан.
Оқу-жаттығу шеңберінде су тасқыны зардаптарының алдын алу және азайту мақсатында практикалық іс-шараларды өткізуге бағытталған.
Жергілікті атқарушы органдар елді мекендерден қарды уақтылы шығару, автомобиль және темір жолдардың су өткізу құрылыстары мен көпірлерін сең жүру мен тасқын суларды өткізуге тазарту және дайындау, қорғау бөгеттерін, бөгеттер мен үйінді құрылыстарын нығайту, елді мекендер аумағын үйіп құлату, инертті материалдарды дайындау, су тасқыны кезеңінде халықты хабардар ету, шұғыл ден қою жасақтарын жинау, құрама эвакуациялық пункттерді өрістету бойынша жұмыстарды ұйымдастырды.
«Көктем-2022» РКШО 4 наурызда қорытындылаумен аяқталады.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі