Атырау облысында шұғыл дең қою жиынтық жасағының байқауы өткізілді

Атырау облысында шұғыл дең қою жиынтық жасағының  байқауы өткізілді

3 наурызда «Көктем-2022» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде Атырау қаласында шұғыл ден қою жиынтық жасағының байқауы өтті. Құтқару қызметкерлері 30-дан астам техниканы көрсетті. Топтардың арасында авариялық-техникалық, авариялық-қалпына келтіру, инженерлік командалар және басқалар бар.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбаев Қайрат Есқабылұлы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Битаев Сәбит Кенжеханұлымен бірлесіп, әр топтың дайындығын бағалады, техниканың, сондай-ақ қажетті адамдардың саны туралы әңгімелесті.

Сонымен қатар, шұғыл әрекет ету тобының жетекшілеріне көктемгі кезеңде төтенше жағдай туындаған кезде өзара іс-қимыл және уақтылы әрекет ету бойынша жұмысты күшейту және отрядтың барлық топтарын тиісті түрде жинақтау бойынша шаралар қабылдау туралы тапсырмалар берілді.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Сәбит Битаев атап өткендей: "Жасақ ірі көлемдегі төтенше жағдайларды жоюға арналған. Біздің кәсіпорындардың құрылымдарынан, авариялық-техникалық қызметтерден тұрады және авариялық жағдайларға немесе төтенше жағдайларға байланысты кез келген міндеттерді орындауға арналған".

Байқау қорытындысы бойынша, Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев және Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Сәбит Битаев шұғыл дең қою жасағының дайындығына "жақсы" деген баға берді.

 

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы