Павлодар қаласында азаматтық қорғаудың мультимедиялық сыныбы ашылды

Павлодар қаласында азаматтық қорғаудың мультимедиялық сыныбы ашылды

"Жаңа Қазақстан" тұжырымдамасын іске асыру үшін Оқушылар сарайының базасында Павлодар облысы ТЖ департаментінің азаматтық қорғаудың мультимедиялық сыныбы ашылды. Осы шараның мақсаты балаларды ТЖ іс-қимылына оқыту және зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.

Оқушылар сарайында Азаматтық қорғаудың мультимедиялық сыныбы үшін интернетке қол жетімді арнайы бөлме бөлінді. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Ж.Жұмашев құттықтау сөз сөйледі.   

Бұл сынып өскелең ұрпаққа табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік шараларын үйретуге арналған. Мультимедиялық сынып оқушылармен практикалық сабақтар өткізу үшін заманауи жабдықтармен, әдістемелік стендтермен және көрнекі құралдармен жабдықталған. Балаларды ТЖ департаментінің, апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері мен еріктілер оқытатын болады.

Іс-шара барысында Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндірушілері мен құтқарушылары ТЖ кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарын көрсетті. Құтқарушылар кәсіби деңгейде барлық қатысушылар мен оқушыларға альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен ғимараттың биіктігінен зардап шегушіні түсіруді, зардап шегушіні автокөтергіштің құтқару жеңі арқылы эвакуациялауды, шартты ЖКО кезінде жеңіл автомобильдің есіктерін арнайы құралмен кесуді, сондай-ақ автокөлік өртін сөндіруді көрсетті. Балалар автокөтергіш арқылы көтерілуге және автоцистернаның кабинасында өрт сөндіруші рөлінде отыруға мүмкіндік алды.          

        

        

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі