Министр азаматтарды онлайн-қабылдау өткізді

Министр азаматтарды онлайн-қабылдау өткізді

2 наурызда ТЖМ Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Нұр Отан партиясының алаңында аумақтық ТЖД басшыларының қатысуымен кезекті азаматтарды онлайн-қабылдау өткізді.

Онлайн-қабылдау кезінде халық түрлі проблемалық сұрақтармен, ұсыныстармен әрі шағымдарымен жүгініп, өз ризашылықтарын білдірді.

Мәселен, Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел кентінің тұрғыны алдағы көктемгі су тасқынына алаңдаушылық білдіріп, бірқатар сұрақтарын атап өтті.

Барлық өтініштер бойынша министр егжей-тегжейлі түсініктеме берді, сондай-ақ аумақтық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, орталық аппарат басшыларына бақылауды жүктеді.

Естеріңізге сала кетейік, министрлік басшысы азаматтарды қабылдауды ТЖМ ай сайын, Нұр Отан партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында тоқсанына бір рет өткізеді. Қабылдауға 60-21-33 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы, сонымен қатар электронды үкімет порталы арқылы немесе жазбаша түрде жазылуға болады.