ТЖМ қызметкерлері халықаралық семинарға қатысты

ТЖМ қызметкерлері халықаралық семинарға қатысты

Әзербайжан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі академиясының базасында Академия бастығы генерал-майор Баба Салаевтың төрағалығымен «Қазіргі жағдайдағы азаматтық қорғаныс: даму мәселелері мен болашағы» тақырыбында халықаралық семинар өтті.

Семинар жұмысына Ресей Федерациясы ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының, Әзірбайжан Республикасы ТЖМ, Мемлекеттік шекара қызметінің, Авиация академияларының, Өзбекстан Республикасы ТЖМ Академиясының және
М. Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетіның өкілдері қатысты.

Төтенше жағдайлар министрлігінен Азаматтық қорғаныс іс-шараларды жоспарлау және халықты оқыту басқармасының бастығы т.ғ.к. подполковник Арифджанов С.Б. «Маңызды объектілердің персоналын қорғау үшін контейнерлік үлгідегі ұтқыр қорғаныс құрылыстарын қолдану мүмкіндігін ғылыми негіздеу мәселесіне» баяндамасымен қатысты.

Семинар барысында ТЖ болжау үшін цифрлық модельдерді пайдалану мүмкіндігіне, экономика объектілері персоналының жұмыс істеу орнықтылығын және инженерлік қорғалуын арттыру мәселелеріне, азаматтық қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамаға, азаматтық қорғанысты басқару жүйелерінің негізгі компоненттері мен мәніне және т. б. қатысты баяндамалар тыңдалды.

Семинар соңында нәтижелі диалог өтті. Семинарға қатысушылар талқыланған тақырыптар аясында одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.

 

 

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті