Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы оқушылармен кездесті

Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы оқушылармен кездесті

1 наурызда атап өтілетін Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында, сондай-ақ Мемлекет басшысы жариялаған балалар жылы аясында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті №3 гимназия оқушылары үшін танымдық іс-шаралар өткізді. Құтқарушылар оқушылармен өз білімдерімен бөлісті және ТЖ туындаған кезде өзін қалай ұстау керектігін айтты.

Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Катпанов жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, өз мамандығы туралы айтып берді. Сондай-ақ, өз өмірінен алған оқиғаларымен бөлісті. Оқушылар әскери оқиғаны үлкен қызығушылықпен тыңдап, қызықтырған сұрақтарын қойды.

ТЖД қызметкерлері №3 мектеп гимназиясының азаматтық қорғаныс сыныбында орта және жоғары сынып оқушыларымен ашық сабақ ұйымдастырды, онда балаларға азаматтық қорғаныс күштерінің құрылу тарихы, тыныс алу органдарын қорғау құралдары және газтұтқыш құрылғысы туралы айтылды. Сондай-ақ оқу орнының акт залында Апаттар медицинасы орталығының қызметкері суға батқан, сынған және жараланған кезде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді көрнекі түрде көрсетті.

Іс-шара соңында гимназия оқушылары қонақтар үшін арнайы құттықтау сөздерін дайындады.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі