
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Алматы қаласының құтқару қызметі» және ҚР ТЖМ бөлімшелерімен бірге «Құтқарушылар» аллеясында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу шеңберінде өрт сөндіру бөлімшелері 20 бірліктен астам өрт-техникалық мүлігі мен жабдығын және авариялық-құтқару техникасының тәжірибелік көрсетілімін ұйымдастырды.
Алматы қаласының тұрғындары мен оқаушыларына азаматтық қорғау органдарының төтенше жағдайларды жою бойынша міндеттерді орындау кезінде қолданылатын қазіргі заманғы өрт сөндіру және арнайы техникасын көрсетті.
Қойылған техника толығымен барлық қызығушылық танытқандардың алдына қойылды өрт сөндіру автомобилінің кабинасында отыруға, қарауға авариялық-құтқару құрал-саймандарын көруге, тактикалық техникалық сипаттамаларын білуге, жылдам әрекет ететін мотоцикл экпипаждарының тактикалық-техникалық сипаттамаларын білуге, тіпті естелік суретке түсуге мүмкіндік берілді. Өрт сөндірушілер, құтқарушылар барлық келушілерге техниканың мүмкіндіктері және олардың ішіндегі орналасқан жабдықтары туралы айтып берді. Келген қонақтардың 18 қабатты үй секілді биіктіктен адамдарды құтқара алатын өрт сөндрі көпиінді сатысына мініп қаланы биіктіктен көруге мүмкіндік берілді. Сонымен қатар халыққа және оқұшыларға жылжымалы платформадағы ерекше тренажер – жер сілкіністерінің симуляторы ұсынылды. Құтқарушылар төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік сабағын өткізді: онда 5 балға дейінгі көлденең және тікшіл келген жер дүмпулерін қолдан жасайтын тренажерді көрсетті. Өрістетілген палаткалық қалышықта Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірге Қызыл Жарты ай қоғамының өкілдері әр түрлі төтенше жағдайлар «Тіршілік әліппесі» бойынша түрлі ойындар өткізді. Әрі қарай оқушылар арасында спорттық сайыстар өткізілді(жылдамдыққа арналған өрт сөндірушілердің киім-кешегін кию, арқан тарту, белтемірге тартылу, қырлы тренажерда жаттығулар).
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі