Анонс

Анонс

2022 жылғы 3-4 наурыз аралығында елімізде Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару органдары, күштері мен құралдарының 2022 жылғы су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға даярлығы бойынша «Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Оқу-жаттығуға басшылық Батыс Қазақстан облысы Орал қаласынан жүзеге асырылатын болады.

Оқу-жаттығуға республикалық және облыстық азаматтық қорғау қызметтері: орталық және жергілікті атқарушы органдар, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары қатысады. 

Оқу-жаттығу шеңберінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылдары және құлақтандыру, практикалық су тасқынына қарсы іс-шараларды, азаматтық қорғау құрылымдары күштерінің және халықтың су тасқыны кезеңінде іс-қимылдары бойынша арнайы-тактикалық жаттығулар өткізу, сондай-ақ азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық және салалық кіші жүйелерінің қызмет ету режимін көктемгі кезеңде ТЖ қаупі және туындаған кезде міндеттерді орындауға жоғарғы әзірлік режиміне келтіру мәселелерін пысықтау жоспарлануда.

 

 

Аккредиттеу мәселелері бойынша

Батыс-Қазақстан облысы ТЖД

баспасөз қызметіне

8 (7112) 545013, 8 7054093011

8 7757019918 телефондары,

ps_dchs_zko@mail.ru

электронды мекенжайы

арқылы хабарласыңыздар