ШҚО ТЖД құтқарушылары азаматтық қорғаныс күнін атап өтті

ШҚО ТЖД құтқарушылары азаматтық қорғаныс күнін атап өтті

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аясында ШҚО ТЖД кең ауқымды бағдарлама өтті. Алдымен облыстың әр ауданында «Баршаның назарына!» деген белгіні білдіретін сирена дауысы естіліп, ТЖ қызметтері телерадиоарналарға қосылу арқылы құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізді.
Содан кейін білім беру объектілерінде жалпықалалық сейсможаттығу  басталды. Ол болуы мүмкін болатын жер сілкінісі кезінде оқушылардың әрекеттерін тексеруге бағытталған. Оқу тапсырмаларын орындау барысында оқушылар құтқарушылардан нұсқаулық алды және қала мектептерінің ғимараттарынан эвакуациялауға қатысты. Құтқару бойынша практикалық элементтер, сондай-ақ қажетті авариялық-құтқару жабдығын қолдану пысықталды. Сондай-ақ ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқушылар мен тұрғындар үшін бір уақытта бірнеше бөлімшелерде Ашық есік күнін өткізді. Құтқарушылар  өтімділігі жоғары техника мен арнайы жабдықты көрсетті. Төтенше ведомствоның қызметкерлері құрал-жабдықтарды көрсетті, ал  ұлдар мен қыздар техниканы қарап қана қоймай, оның кабинасында отыруға мүмкіндік алды. Нағыз жауынгерлік киімді киіп көру балалардың ерекше қуанышын тудырды, бұл қысқа уақыт ішінде нағыз батырлар сияқты сезінуге мүмкіндік берді.

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін өткізу табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген және туындаған кезде шұғыл қызметтер мен халықты қорғау жөніндегі іс-шаралардың маңыздылығын арттыруда маңызды рөл атқарады.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі