Петропавлдық құтқарушылар дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін атап өтті

Петропавлдық құтқарушылар дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін атап өтті

2022 жылғы 28 ақпанда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында СҚО ТЖ департаментінің қызметкерлері мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Петропавл қаласының «Достық» алаңында өрт сөндіру машиналары, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің арнайы және құтқару техникасы - 11 бірлік техника және жеке құрамның 24 адамы қатарға тұрды. Қызмет жауынгерлерінің күнделікті жұмысы мен батырлық әрекеттері туралы петропавлдық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар барлық тілек білдірушілерге өрт және құтқару техникасы мен қару-жарағының мүмкіндіктерін көрсетіп, облыстағы өрт ісінің тарихы туралы айтып, маңызды мамандықтар туралы көптеген сұрақтарға жауап берді.

Әсіресе, балалар үшін өте қызықты болды. Себебі балалар жауынгерлік киімді киіп, өрт сөндіру машиналары мен құтқарушылардың жол талғамайтын көліктеріне отырды. Ал ең батылдары тәжірибелі өрт сөндірушілердің басшылығымен шартты өртті сөндірді. Жоғары сынып оқушыларымен ҚР ТЖМ М. Ғабдулин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Бұл ретте қолжетімді және қызықты түрде өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелері, өрт туындаған кездегі іс-қимылдар туралы айтылды.

Іс-шараға облыс орталығының он жарымнан астам мектебінен 750-ден астам бала қатысты.

 

СҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметі