
27 ақпанда сағат 5:50-де 112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет нөміріне балықшының әйелі қоңырау шалды. Ол күйеуінің 26 ақпанда балық аулауға кеткенін және қайтып оралмағанын хабарлады. Белгілі болғандай, 1988 жылы туылған ер адам Сасықкөл көліне балық аулауға барып, адасып кеткен. Ол өз бетімен қайтар жолды таба алмады. Бірнеше сағаттан кейін оны Қарағанды облысы ТЖД құтқарушылары тапты. Балықшы Шахтинск қаласынан оңтүстікке қарай 5 км жерде табылды. Оған медициналық көмек қажет болмады.
Балық аулау қызықты хобби болса да, өз өміріңізді қатерге тігіп, құтқарушылардың ұсыныстарын елемеуге болмайды.
Қарағанды облысының ТЖД қауіпсіздік мақсатында еске салады:
- Балық аулауды ұнатушылар, көп шұңқырларды көп теспеу және топ болып жиналмау қажет.
- Ұзындығы 12-15 метр бау түрінде құтқару құралының болуы, оның бір ұшында ілмек жасалыну қажет.
- Су айдыны шаңғымен мұздан өткен кезде төселген шаңғыны пайдалану ұсынылады.
- Мұзға шыққан кезде өзіңіз туралы ақпаратты туыстарыңызға немесе таныстарыңызға қалдыруыңыз керек, ауа райы болжамын нақтылаңыз.
- Өзімен бірге зарядталған ұялы телефон алыңыз.
- Балық аулау үшін таңдалған аймақты жақсы білу керек, оның тереңдігі адамның бойынан аспайтын немесе терең жерден жағаға тез жетуге болатын жерді есте сақтау керек.
- Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, "112" телефонына хабарлаңыз.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі