
2022 жылғы 23 ақпанда Семей қаласының Восточный кентінде ұзындығы 200 метрден астам және ені 12 метр су бұру арналары, сондай-ақ Семей қаласының 8-ші Краснознаменная Туристическая көшесі бойындағы ұзындығы 50 метр, ені 30 сантиметр арық тазартылды. Осы көше тұрғындарының өтініші бойынша аулалар мен жолдарды көктайғақтан тазарту жүргізілді. Су тасқынына қарсы іс-шараларға жеке құрамның 15 адамы, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер және арнайы техника жұмылдырылды.
Сонымен қатар канал бағыты бойынша Өрт сөндіру сограсынан Көпестік көпірге дейін құтқару ротасының 3 құтқару взводының командирі, аға лейтенант С. Алтынбектің басшылығымен және құрамында 20 адам (1 офицер, 5 КБӘ,14 МҚӘ) бар су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілді. Қардың еруіне байланысты жеке үйлер мен құрылыстарды ықтимал су басудың алдын алу үшін қамысты кесу және каналдарды тереңдету бойынша жұмыстар жүзеге асырылды.
ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімі