Елордада құқық қорғау органдарының ардагерлер кеңесі арасында байқау өтті

Елордада құқық қорғау органдарының ардагерлер кеңесі арасында байқау өтті

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі елордалық "Құтқарушы" спорт кешенінің базасында құқық қорғау органдарының ардагерлер кеңесі арасында достық кездесу форматында байқау ұйымдастырды. Шараға полиция, азаматтық қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының ардагерлер кеңесінің командалары қатысты.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин құттықтау сөз сөйлеп, осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

КВН-ойын конкурстық тапсырмалардың екі кезеңінде өтті – зияткерлік және спорттық, онда бағалаудың негізгі критерийлері идеяның бірегейлігі мен креативтілігі, жұмысқа заманауи көзқарас, жұмыстың көрсетілген тақырыпқа сәйкестігі және шығарманың идеялық-тақырыптық мазмұны болды. Зияткерлік кезең Сұрақ-жауап, Үй тапсырмасы және "шифрлаушы" ойынын өткізу болды, спорттық кезеңде бес кезеңнен тұратын кедергілері бар экстремалды эстафета өтті.

Байқаудың мақсаты-аға ұрпаққа құрметпен қарауға тәрбиелеу, жетістіктермен және тәжірибемен алмасу, ардагерлердің шығармашылық және мәдени белсенділігін арттыру. Ардагерлер ұйымдары қызметінің негізгі бағыттарының бірі аға буынның жас қызметкерлер мен азаматтық жастарға патриоттық тәрбие беруге қатысуы, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында ардагерлердің бай өмірлік тәжірибесі мен рухани әлеуетін пайдалану болып табылады. Байқау тақырыбы тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

КВН қорытындысы бойынша табанды күресте Полиция департаменті ардагерлерінің «Динамо» команда жеңіске жетті. Екінші орынды азаматтық қорғау органдары ардагерлерінің «Құтқарушы» командасы және үшінші орынды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ардагерлерінің «Антикор» командасы иеленді.

 

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі