Елордалық ТЖД-ға ту табыс етілді

Елордалық ТЖД-ға ту табыс етілді

2022 жылдың 25 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне ту тапсыру салтанатты рәсімі өтті. "Құтқарушылар саябағы" скверінің аумағында Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Юрий Ильин туды елордалық ТЖД бастығы Қуанар Базарбаевқа тапсырды.

Юрий Ильин департамент басшылығы мен жеке құрамын ту табыстауымен құттықтап, ту – адалдық,  батырлық пен батылдықты бейнелейтін басты әскери рәміздердің бірі екеніне назар аударды. Сіздерге берілген ту жас офицерлерді тәрбиелеуде дәстүр мен іргетастың символы болсын", - деді Юрий Ильин.

Елордада азаматтық қорғау органдарының екі мыңнан астам қызметкері қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, жыл сайын гарнизон бөлімшелері төрт мыңнан астам жедел шығулар жасайды, 600-ден астам адам құтқарылады.

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі