
Облыс әкімі Қ.І.Ақсақаловтың төрағалығымен су тасқынына дайындық мәселесі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының отырысы өтті.
Отырыс жұмысына ТЖ алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия мүшелері, облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің бастықтары, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің басшылары, СҚО ТЖ департаментінің басшы құрамы мен мамандары қатысты.
Отырыста «Қазгидромет» РМК СҚО бойынша филиалының директоры Қымбат Мерғалимова сөз сөйлеп, облыстың су айдындарында алдағы су тасқыны болжамы туралы хабардар етті. Сонымен қатар СҚО ТЖ департаментінің бастығы полковник Рамиль Камалов ҚР ТЖМ аумақтық органы және барлық жұмылдырылған ведомстволар мен қызметтер қабылдаған, осы табиғи құбылыстың өтуі кезінде болуы мүмкін ТЖ алдын алу бойынша іс-шаралар туралы айтып берді. «Соңғы жылдары өңірде су тасқынына қарсы іс-шаралардың айтарлықтай көлемі жүзеге асырылды, соның арқасында 170-тен астам елді мекенде қауіп барынша азайтылды. Су тасқыны қаупіне жедел әрекет ету үшін облыста ТЖД, полиция және ұлттық ұлан бөлімшелерін қоса алғанда, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құрамында 475 адам, 134 бірлік техникасы бар күштер мен құралдар тобы құрылды», - деді департамент бастығы. Ол Департаменттің қарулануында халықты тасымалдауға және эвакуациялауға арналған 10 жоғары өтімді вахталық орын, 5 батпақ-жол талғамайтын көлік, 5 жүзу құралы, 85 мотопомпа (оның ішінде 13 тіркемелі), 370 су өткізбейтін костюм және сыйымдылығы 400 адамнан (416 адам) асатын 21 шатыр бар екенін атап өтті. Барлық техникалық ресурстар су тасқыны тұрғысынан осал учаскелерде алдын ала шоғырландырылатын болады. Сондай-ақ ол 21 ақпаннан бастап жарияланған айлық аясында халықты су тасқынынан болатын қауіп-қатерлерді азайту шаралары туралы ақпараттандыру бойынша жұмыс жандандырылғанына назар аударды. Қазірдің өзінде 3,6 мыңнан астам адамды (3667 адам) қамтитын 78 рейд жүргізілді.
Отырыста Петропавл қаласының әкімі Б.Жұмабеков сөз сөйлеп, облыс орталығының аумағында су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізілгенін атап өтті.
Отырыс соңында облыс әкімі тұрғын және өнеркәсіптік аймақтардан тыс жерлерде тасқын суларды бұру бойынша жұмыстарды жүргізуге, елді мекендердің аумақтарын, су ағызу арықтарын, су өткізу құбырларын, нөсер суларын, арықтар мен тасқын сулардың өтуін қиындататын арналарды қардан тазарту бойынша іс-шараларды жүргізуге ерекше назар аударды. Өңір басшысы «Көктем-2022» Республикалық командалық-штабтық жаттығуының дайындығы мен өткізілуіне жеке тоқталды, оның нәтижесі бойынша облыстың су тасқыны кезеңіндегі ТЖ жоюға дайындығы бағаланатын болады.
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД
Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі