25 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне Туды табыс ету салтанатты рәсімі өтеді. Шараға Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері, департамент басшылығы мен жеке құрамы қатысады.
Туды табыс ету рәсімі аяқталғаннан кейін Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастыруымен елордалық ТЖД «Құтқарушы» спорт кешенінде көңілді тапқырлар клубы ойыны өтеді. Ойын достық кездесу форматында өтетін болады. Онда құқық қорғау қызметтерінің, атап айтқанда азаматтық қорғау органдарының, полицияның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің командалары қатысады және чемпион атағы үшін жарысады.
Өткізу күні мен уақыты: 2022 жыл 25 ақпан, сағат 09.50-де
Жиналу орны: Құтқарушылар саябағы, Пушкина және Янушкевич көшесінің қиылысы.
Аккредитация үшін: pressa.dchs.astana@mail.ru
ТЖД баспасөз қызметінің байланыс телефондары: 55-96-60, 87015140706.