
2022 жылғы 24 ақпанда кезекті жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар вице-министр Мереке Пішембаев Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Руслан Қайрақбаевқа ту табыс етті.
Іс-шара барысында Мереке Пішембаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын түсіндірді. Сонымен қатар Министрлік басшылығының жалақыны көтеру, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын, материалдық-техникалық базаны жақсарту мәселелері бойынша қабылданып жатқан шаралары туралы айтып берді.
Өз кезегінде, Руслан Қайрақбаев «Тәуелсіздік жылдары өрт сөндіруші-құтқарушылардың халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы жан қиярлық ерліктері жетерлік. Бүгінгі салтанатты ту тапсыру рәсімі құтқарушылар үшін айтулы оқиға болып табылады», - деді.
Жеке құраммен кездесу ұйымдастырылды, оның барысында вице-министрге сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
Сонымен қатар вице-министр қаладағы өрт сөндіру бөлімдері мен жедел-құтқару жасағына барып, материалдық-техникалық базасымен танысты.
Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі