
Биыл Шығыс Қазақстанда өтетін Қазақстан Республикасының өрт сөндіру - құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы ХХХ, әйелдер арасындағы VIII, жасөспірімдер арасындағы VII чемпионаттарына 18 ерлер командасы, 13-жасөспірімдер мен 11 әйелдер командасы қатысты. Облыстардан, ренспубликалық маңызы бар қалалар мен елордадан келген 400-ден астам спортшы үздік атану үшін бағын сынауда.
Бірінші күні чемпионатқа қатысушылар оқу мұнарасының тік қабырғасына шабуыл жасады, онда жас топтары бойынша екінші, үшінші және төртінші қабаттың терезесіне шабуыл сатымен көтерілді.
Жарыстың алғашқы минуттарынан бастап спортшылар арасында қызу күрес басталды. «Жарыс өте қызу бәсекеде өтуде. Атырау, Шығыс Қазақстан, Нұр-Сұлтан, Түркістан және Ақтөбе облыстарының командалары жақсы өнер көрсетуде. Спортшылардың дайындық деңгейі жыл сайын артып келеді, - деді чемпионат барысына" "Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы" ҚБ атқарушы комитетінің директоры Дәурен Данаев.
Жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша спортшылар мына нәтижелерді көрсетті:
Команда ретінде:
1 орын - Атырау облысы
2 орын – Шығыс Қазақстан облысы
3 орын - Нұр-Сұлтан қаласы
Жеке тұрғыда:
1 орын-Снегирев Дмитрий Нұр-Сұлтан қаласы
2 орын-Жасұлан Қайсарбеков Атырау облысы
3 орын - Вахитжан Казакбаев Шымкент қаласы
Әйелдер командалары арасында:
1 орын - Нұр-Сұлтан қаласы
2 орын - Түркістан облысы
3 орын - Ақмола облысы
Жеке тұрғыда:
1 орын - Кристина Булыкина, Нұр-Сұлтан қаласы
2 орын - Айдана Тұрсын, Түркістан облысы
3 орын – Анастасия Хорошева, Ақмола облысы
Ерлер командалары арасында:
1 орын – Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары командалары тең түсіп, бірдей нәтиже көрсетті
3 орын-Батыс Қазақстан облысы
Жоғарғы топ:
Жеке тұрғыда:
1 орын - Асхат Қанибай, Абылайхан атындағы Қызылорда колледжі.
2 орын - Нұрғиса Әйтекеев, Ақтөбе облысы
3 орын - Дінмұхамед Әбілбаев-Шығыс Қазақстан облысы
Орта топ:
1 орын-Мирас Ақылбеков, Атырау облысы
2 орын - Айваз Сабыржанов, Батыс Қазақстан облысы
3 орын - Эльдар Авилов, Шығыс Қазақстан облысы
Кіші топ:
1 орын-Әмір Абаев, Ақтөбе облысы
2 орын – Ернұр Насибулин, Батыс Қазақстан облысы
3 орын - Арсений Скуратов, Шығыс Қазақстан облысы
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі