Юрий Ильин Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Юрий Ильин Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды.

Ол Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағына барып, құтқарушылардың техникасымен және су тасқыны кезеңіне дайындығымен танысты. 

Су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында облыста каналдар мен арықтарды, су өткізу құрылыстары мен көпірлерді тазарту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.  222 мың текше метр қар шығарылды. 85 мың дана қап, 6 мың тонна инертті материалдар, 659 тонна ЖЖМ дайындалды. Қазіргі уақытта өңірде жүргізілетін алдын алу іс-шараларының сапасын қадағалайтын арнайы құрылған топтар жұмыс істеуде.

Күштер мен құралдар, оның ішінде жалпы өнімділігі сағатына 48 мың текше метр 376 мотопомпа әзірлікте тұр. 108 ықтимал су тасқыны қауіпті елді мекендер анықталды. Оның 20-ында су басу қаупі сейілді, ал 69-ында барынша азайтылды.
Өңірде Өскемен қаласында, Алтай, Катонқарағай, Тарбағатай, Глубокое, Шемонаиха, Көкпекті және Бородулиха аудандарында су тасқыны қаупі сақталуда.
Су тасқыны жағдайын бақылау үшін 53 гидробекетті қамтитын бақылау жүйесі жұмыс істейді.

 Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері жағдайды тәулік бойы қадағалайды.  Жергілікті атқарушы органдар  алдын алу жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, қысқы маусымда облыс аумағында 497 көшкіні бар аймақ тіркеуге алынған. Оның ішінде 325-сі шаруашылық жүргізу объектілері мен  адамдарға қауіп төндіруде. Автожолдар бойында орналасқан көшкін қаупі бар ошақтар аса қауіпті болып саналады. Көшкін қаупі бар аудандар бойынша халықты, коммуникацияларды және шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау  мақсатында 207 қар өлшеу рейкасы орнатылған. 20 қар өлшеу-көшкін бағыттары бойынша 325 қауіпті учаскеге тексеру жүргізіледі. Қауіпсіздік мақсатында қысқы кезеңнің басынан бастап жалпы көлемі 37010 текше метр болатын 46 алдын ала қар көшкінін түсіру жұмыстары жүргізілді.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі