
22 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Арман Қожахметов Жезқазған өңірінің өрт сөндіру бөлімшелеріне жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында депутат Арман Қожахметов Жезқазған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасына барды.
Жеке құраммен кездесуде Жезқазған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ләззат Төлеугалиева өңірдегі жедел жағдай, жүргізіліп жатқан жұмыс, проблемалық мәселелерді шешу және бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін қолдау бойынша жұмыстарды жүргізу туралы баяндады. Атап айтқанда Жезқазған және Сәтбаев қалаларындағы екі өрт сөндіру бөлімінің жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу туралы, осы жобалардың әлеуметтік маңыздылығы туралы баяндалды және осы мақсаттарға қаражат бөлу бойынша жәрдем көрсету туралы өтініш білдірілді. Сондай-ақ депутат Арман Төлешұлы қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, әскери қызметшілерге берілетін жеңілдіктермен қатар әлеуметтік қорғау шараларын, тұрғын үй төлемдерін, көтерме жәрдемақыларды тең дәрежеде жақсарту мәселелері көтерілді.
Депутат №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде болып, онда бөлімнің жұмысымен, қызмет өткеру жағдайымен, авариялық-құтқару техникасымен, жабдықтармен және аспаптармен танысты.
Кездесу сындарлы өтті. Депутаттың айтуынша, азаматтық қорғау органдарының одан әрі табысты қызметін жүзеге асыру үшін енгізілген барлық мәселелер мен ұсыныстар ерекше бақылауға алынып, Мәжілістің кезекті отырысында қаралады.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі