ТЖ министрлігінде азаматтық қорғау органдарының қызметі мәселелері бойынша қоғамдық кеңес отырысы өтеді

ТЖ министрлігінде азаматтық қорғау органдарының қызметі мәселелері бойынша қоғамдық кеңес отырысы өтеді

2022 жылдың 25 ақпанында сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінде (Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, 10-қабат, конференц-зал) азаматтық қорғау органдарының қызметі мәселелері бойынша қоғамдық кеңес отырысы өтеді.

Отырысқа қоғамдық кеңестің мүшелері қатысады.

Күн тәртібінде азаматтық қорғау органдарының қызметі мәселелері бойынша қоғамдық кеңес құрамына кандидаттарды сайлау; Министрліктің 2021 жылғы қызметінің жай-күйі және нәтижелері туралы; азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі күштері мен құралдарының су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларға ден қоюға әзірлігі туралы мәселелер қарастырылатын болады.