Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментіне ту табыс етілді

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментіне ту табыс етілді

Павлодар қаласының Достық үйінде Павлодар облысының ТЖ департаментіне туды тапсыру рәсімі өтті. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков департамент бастығы Жасұлан Жұмашевқа ту тапсырды.

«Мемлекет басшысы азаматтардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөледі, ал бұл бізден ТЖ алдын алу және оларды жою бойынша міндеттерді нақты орындауды талап етеді. Өткен жылдың қазан айында Президенттің Жарлығымен Министрліктің және оның аумақтық бөлімшелерінің символы ретінде ту бекітілді. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үшін ту - бұл ерліктің, ар-намыстың және абыройдың символы. Сонымен қатар ата-бабаларымыздың даңқты дәстүрлері мен ұлы ерліктері туралы еске салу. Тәуелсіздік жылдарында біздің қызметкерлермен өз өмірлерін қиып жасалған ерліктер жетерлік. Бүгін туды тапсыру Павлодар облысы департаментінің барлық ұжымы үшін айтулы оқиға болып табылады», - деді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков.

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Олег Крук құттықтау сөз сөйледі.

«Ту - абырой, ерлік пен даңқтың символы. Болашақ офицерлер үшін азаматтық қорғау органдарында жылдар бойы тәрбиеленген дәстүрдің бейнесі. Бүгінгі құтқарушылар ұрпағы батырлық өткеннің даңқты дәстүрлерін қастерлеп сақтап, көбейтіп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзінің қызметтік борышын абыроймен орындайтын болады. Сіздерге тапсырылған ту дәстүрдің символы және жас офицерді тәрбиелеудің іргетасы болсын», - деп атап өтті Олег Крук.

Бұдан әрі Павлодар облысы гарнизонының жеке құрамымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды, онда вице-министр Марат Күлдіков жеке құрамға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын түсіндірді. Ол Министрлік басшылығының жалақыны арттыру, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселелері бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы айтып берді.

Павлодар гарнизонының жеке құрамы қызметтік іс-әрекеттегі қызықтырған проблемалық сұрақтарына жауап алды.

 

Павлодар облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы