Шығыс Қазақстанда ¬өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді

Шығыс Қазақстанда ¬өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді

2022 жылғы 23-25 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді.  Оған республиканың түкпір-түкпірінен 19 команда қатысады. Қатысушылар мына спорт түрлерінен өзара  бақ сынайды: кедергілері бар 100 метрге жүгіру, оқу мұнарасының төртінші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу. Мұнда ерлер, әйелдер және жасөспірімдер командалары жарысып, бақ сынайды. Чемпионаттың ашылу салтанатына Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қатысады.

Өрт сөндіру-құтқару спорты өрт сөндірушілердің жауынгерлік әзірлігін арттыратын және өрт сөндіру тәжірибесінде қолданылатын қолданбалы спорт түрі болып табылады. Баспалдақтың салмағы 8,5 келі, ұзындығы 4 метр. Бірнеше секунд ішінде спортшылар оқу мұнарасының төртінші қабатына көтеріледі, сондықтан жақсы нәтиже көрсету үшін жылдамдық, күш және икемділік қажет. Ең көрнекі нәтижелердің бірі 2021 жылдың жаз айында  Қарағанды қаласында өткен әлем чемпионатында тіркелді. Спортшы Николай Буторин баспалдақпен оқу мұнарасының терезесіне 13,3 секундта көтерілген болатын.