
19 ақпанда Павлодар қаласында құтқарушылар құдықтан әйел адамды алып шықты.
Оқиға туралы хабарлама Орталық өндірістік аймақ 360 мекен-жайы бойынша 10 сағат 50 минутта келіп түсті. Хабарлама бойынша әйел адам жылу оқшаулағыш құдыққа құлап кеткен. Оқиға орнына келген құтқарушылар медициналық қызметкерлер мен полицияның қатысуымен альпинистік құралдарды қолдана отырып, әйел адамды құдықтан алып шықты. Әйел адам «103» қызметіне берілді. Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖ департаментінің жеке құрамынан 5 адам және 1 бірлік техникасы, «103», «102» қызметтері жұмылдырылды.
Павлодар облысы ТЖД азаматтардан далада сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі