ТЖ министрі ақмолалық құтқарушыларға Туды табыс етті

ТЖ министрі ақмолалық құтқарушыларға Туды табыс етті

Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Ақмола облысның ТЖД бастығы Нұрлан Атығаевқа, сондай-ақ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына туды табыс етті. Сонымен қатар іс-шара барысында облыс әкімі Ермек Маржықпаев өрт сөндіруші-құтқарушыларға сегіз жеңіл көлік пен екі катердің кілтін табыс етті.

«МІНДЕТ, АБЫРОЙ, ЕРЛІК» ресми нышанын бекітіп, Мемлекет басшысы азаматтық қорғау қызметтерінің маңыздылығын атап өтті. Туды тапсыру рәсімі – бүкіл гарнизон үшін тарихи оқиға, ұрпақтардың байланысын, тарихи жады мен сабақтастықты символикалық түрде бейнелейді», – деді министр Юрий Ильин. Сондай-ақ Юрий Викторович жергілікті атқарушы органдар тарапынан материалдық-техникалық базаны жетілдіру мен жаңартуға, ТЖД ғимаратын жөндеуге қолдау көрсеткені үшін Ақмола облысының әкіміне алғысын білдірді.

2020-2021 жылдары жергілікті бюджеттен 20 бірлік арнайы және қосалқы техниканы, құтқару жабдықтарын, ұйымдастыру техникасын сатып алуға, ТЖД ғимаратын күрделі жөндеуге және басқа да қызметтерге  870 млн. теңге бөлінгенін атап өту керек. Арнайы және жедел автомобильдерді, тыныс алу аппараттарын және инженерлік жабдықтарды сатып алуға биылғы жылы 301 млн.теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар іс-шара барысында өрт сөндіруші-құтқарушылар «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдарымен және Ақмола облысы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Медальдармен Целиноград ауданы Арайлы ауылының №22 өрт сөндіру бөлімінің №32 өрт сөндіру бекетінің жүргізуші – қызметкері, азаматтық қорғау прапорщигі Талғат Рахов, сондай-ақ Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылының №22 өрт сөндіру бөлімінің №34 өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау прапорщигі Қуандық Жұмабеков марапатталды.

 

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі