Шымкент қаласы ТЖД туын салтанатты түрде тапсыру рәсімі

Шымкент қаласы ТЖД туын салтанатты түрде тапсыру рәсімі

2022 жылғы  15 ақпанда Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне жалау беру салтанатты рәсімі өтті.

Салтанатты түрде Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Дәукесұлы Күлшімбаев Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің  бастығы Мадияр Жақсибаевқа ерлік, құрмет пен батылдық символын  – жалау табыстады. Сонымен қатар ТЖ департаментінің жеке құрамын құттықтап, алдағы уақытта еңбектеріне сәттілік тіледі.

Жауынгерлік ту –  адалдықты, батылдық пен ерлікті бейнелейтін басты әскери рәміздердің бірі.  ТЖ департаментінің жеке құрамы жауынгерлік ту ар-намысты, ерлікті, даңқты бейнелейтіндігін сезіне отырып, өз қызметтерінде жоғары нәтижелер көрсетуге, міндеттерді тиімді және сапалы орындауға әрқашанда дайын.

 

Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы