Марат Күлдіков алматылық гарнизонның жеке құрамына Мемлекет басшысының тапсырмаларын түсіндірді

Марат Күлдіков алматылық гарнизонның жеке құрамына Мемлекет басшысының тапсырмаларын түсіндірді

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков  Алматы қаласында орналасқан төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменттерінің, Республикалық жедел-құтқару жасағының және ТЖМ басқа бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесті. Іс-шара барасында алматылық гарнизонның жеке құрамына Мемлекет басшысының тапсырмаларын түсіндірді.

Марат Күлдіков  министрлік басшылығының еңбекақыны көтеру, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын, өртке қарсы және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы  айтты.

Өз кезегінде қызметкерлер цифрландыру мәселесі, яғни құжамттамалық жұмыс барысын электронды нұсқаға толық көшіру және министрліктің  жүйелі ортақ деректер базасын құру бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар шара барасында әлеуметтік блок бойынша, жеке құрамды өрт қауіпсіздігі саласындағы профилактикалық іс-шараларға тарту, қадр мәселесі, жеке құрамның өңірлерден ауысуы, бөлімшелерді өрт-техникалық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету бойынша сұрақтар қойылды.

Вице-министр осы күнге алдын ала жазылған қызметкерлерді қабылдады. Ол «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы  бойынша қызметкерлер тарапынан қойылған әрбір сұрақ министрлік басшылығы тарапынан мұқият қаралып, бақылауға алынатынын атап өтті.

Департамент басшылығына қатардағы және кіші басшы құрамнан бос офицерлік лауазымдарға орналасу бойынша тиісті іс- шаралардың орындалуын да тапсырды.

Кездесу соңында Төтенше жағдайлар вице-министрі еліміздің басшылығы атынан жеке құрамға 2022 жылғы қаңтардағы терорлық әрекет кезінде төтенше жағдайларды жоюда көрсеткен батылдығы мен кәсібилігі үшін алғыс айтты.

 

 

Алматы қ.ТЖД баспасөз қызметі