ҚР Төтенше жағдайлар Вице-министрі Мереке Пішембаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болды

ҚР Төтенше жағдайлар Вице-министрі Мереке Пішембаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болды

18 ақпанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Вице-министрі Мереке Пішембаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.

        Сапар бағдарламасына сәйкес Вице-министр оқушылар сарайының акт залында өткен салтанатты рәсім барысында 2021 жылғы қазанда Президенттің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің туын Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамил Камаловқа табыс етті.

         Мереке Құдайбергенұлы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үшін ту – бұл біздің әріптестеріміздің даңқты дәстүрлері мен ұлы ерліктері туралы, қазақстандық қоғам алдындағы борышын орындау туралы еске салу екенін атап өтті.

         «Ту тапсыру Департаменттің және министрліктің барлық ұжымы үшін тарихи оқиға болып табылады. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің алдында халықты және мемлекетіміздің аумағын төтенше жағдайлар мен дүлей зілзалалардан қорғау жөніндегі күрделі міндеттер тұр. Министрдің атынан барлық қатысушыларды осы айтулы оқиғамен құттықтаймын және оларға денсаулық, сергектік және қажырлы еңбекте табыс тілеймін», - деді ол рәсім аяқталғаннан кейін.

         Сонымен қатар аумақтық орган және өрт сөндіру қызметі қызметкерлерінің алдында Департамент бастығы атқарылған жұмыс туралы баяндама жасады. Рамиль Фаткулович өрт сөндірушілер мен құтқарушыларда Отанды қорғау бойынша өз борышын лайықты орындауға ниет тудыратын осы оқиғаның маңыздылығын атап өтті. Ол 2021 жылы департамент бөлімшелерімен өрт және авариялық-құтқару жұмыстарына 3 мыңнан астам шығу жүзеге асырылғанын, 350-ге жуық адам құтқарылғанын, ТЖ аймақтарынан 1,5 мыңнан астам адам эвакуацияланғанын атап өтті. Сондай-ақ, аумақтық орган басшысы профилактикалық жұмыс қорытындыларына назар аударды, соның арқасында ағымдағы жылы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өрттердің 31% - ға, оларда жарақат алғандардың саны 78% - ға, қаза болғандардың саны 80% - ға, материалдық залал 65% - ға азайды.

Департамент бастығының баяндамасында өрт сөндіру және құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық жабдықталуына ерекше назар аударылды. Соңғы төрт жылда (2018-2021жж.) жергілікті бюджет қаражаты есебінен 29 бірлік арнайы және жедел техника сатып алынды. Өткен жылдың соңында лизингтік қаржыландыру шартымен 8 өрт сөндіру автоцистернасы сатып алынды, тепловизорлар, қайықтар, шатырлар сатып алынды, өрт-техникалық қару-жарақ, сүңгуір және газ түтіннен қорғау жабдығы жаңартылды.

         Вице-министр Департаменттің қызметіне баға беріп, аумақтық орган қызметіндегі проблемалық мәселелерді айқындап, оларды шешу жолдарын көрсете отырып, қазіргі жағдайдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады.

 

         СҚО ТЖ департаментінің

Қоғаммен байланыс тобы