
2022 жылғы 17 ақпанда Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне жалау беру салтанатты рәсімі өтті.
Салтанатты түрде ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі полковник М.М. Күлдіков ТЖД бастығы Р.Ә. Қасыбаевқа ерлік, құрмет пен батылдық символын – жалау табыстады.
Марат Мұхамеқалиұлы Департамент ұжымын құттықтай отырып, «МІНДЕТ, АБЫРОЙ, ЕРЛІК ресми нышандарын бекіткен Мемлекет басшысы азаматтық қорғау қызметтерінің маңыздылығын атап өтті. Азаматтық қорғаныс органдары қызметкерлері азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайларды алдын алу және табиғи апат зардаптарын жою саласындағы міндеттерді жүзеге асыруға қазақстандық қоғам алдында бұдан да жоғары жауапкершілікпен қарау қажет»,- деп атап өтті.
Жалауды тапсыру рәсімі ұрпақтар байланысын, тарихи жады мен сабақтастықты бейнелейтін бүкіл гарнизон үшін тарихи оқиға болып табылады.
Бүгінгі күнде Алматы қаласының қауіпсіздігін ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің екі мыңнан астам қызметкері қамтамасыз етеді. Жыл сайын құтқарушылар орта есеппен 4 мыңнан астам шақыруға жұмылдырылады, төтенше жағдай орындарынан 500-ден астам адамды құтқарып, 1 мыңнан астам адамды қауіпсіз жерлерге көшіреді.
Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі