РЖҚЖ құтқарушылары көлікті таудан эвакуациялады

РЖҚЖ құтқарушылары көлікті таудан эвакуациялады

15 ақпан күні түнгі 02 сағат 25 минутта Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көк-лай-сай шатқалында жол талғамайтын көліктің қарда тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. 1987 және 1985 жылы туған екі  азаматша,   кешкі сағат 8-дер шамасынан бастап  көлік ішінде, қар құрсауында қалған.  Жедел келген құтқарушылар көлікті екі болатарқанның көмегімен қардан шығарды, медициналық көмекке мұқтаж емес, екеуі де дін аман.  

Құтқарушылар жолға шығар алдында ауа райы болжамымен танысуға, автокөліктің техникалық жай-күйінің дұрыстығына көз жеткізіп, өзімен бірге қажетті заттарды алуға кеңес береді. Бірыңғай құтқару телефоны 112.

 

ҚР ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметі