
12 ақпанда елордалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Мәңгілік ел көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйде өрт шығу туралы келіп түскен кезекті қоңырау бойынша шықты. Өрт сөндірушілер келген кезде үшінші қабатта үй заттары, жиһаз алаңында 25 шаршы метр жанған.
Өрт сөндірушілер адамдарды құтқару, эвакуациялау және өртті жоюға дереу кірісті. Өрт сөндіру барысында өрт сөндірушілердің жедел әрекеті мен кәсібилігінің арқасында жоғарғы қабаттағы пәтерден құтқару маскасының көмегімен баспалдақ маршы арқылы 1954 жылы туған қарт әйел құтқарылды.
Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД жеке құрамынан 27 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды.
Нұр-Сұлтан қ.ТЖД баспасөз қызметі