Қазақстанның өрт сөндірушілерін еске алу құрметіне шайбалы хоккейден турнир өтті

Қазақстанның өрт сөндірушілерін еске алу құрметіне шайбалы  хоккейден турнир өтті

Бүгін Ақтөбе қаласының №5 "Олимп" балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде қызметтік борышын орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан Қазақстанның өрт сөндірушілерін еске алу құрметіне шайбалы хоккейден турнир өтті.

Турнирге Ақтөбе облысының ТЖД, Әйтеке би ауданының ТЖБ , Батыс Қазақстан облысының ТЖД құрама командалары, сондай-ақ "Ақтөбе"ХК ардагерлері қатысты.

Салтанатты ашылу рәсіміне Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының ТЖД басшылығы мен облыстық ТЖД жеке құрамы, жарысқа қатысушылар, сондай-ақ шақырылған қонақтар қатысты.

Ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды "Ақтөбе"ХК ардагерлер командасы иеленді. Екінші орын Әйтеке би аудандық ТЖ бөлімінің командасына берілді. Ақтөбе облысы ТЖД командасы жүлделі үшінші орынға ие болды.

Шайбаны игерудегі шеберлігі мен хоккей алаңындағы қызу тартыс үшін қатысушыларға келесі номинациялар бойынша грамоталар берілді: "Үздік қорғаушы" - С. Тампиев (Әйтеке би), "Үздік шабуылшы" - А. Старков (БҚО), "Үздік қақпашы" - М. Доспаев (Ақтөбе) және "Үздік сүрмерген" -                   Е. Утенов (ардагерлер командасы)

Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар құрмет грамоталарымен және медальдармен марапатталды.

 

Ақтөбе облысының ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ

Қоғаммен байланыс тобы