Атырау облысында қар құрсауынан бір отбасы құтқарылды

Атырау облысында қар құрсауынан бір отбасы құтқарылды

13 қаңтар күні сағат 16.49-да Қызылқоға ауданы Миялы ауылынан 5 шақырым жерде, Аққора елді мекеніне бара жатқан жеңіл автокөлік қарға батып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Автокөлік ішінде 3 адам, оның ішінде 1 бала болған.

Шақыру орнына 10-ӨСБ және жергілікті атқарушы орган қызметкерлері жедел жетіп, отбасын эвакуациялап, автокөлікті қардан шығарып, Аққора ауылына жеткізді. Отбасы медициналық көмекке мұқтаж емес. Авариялық-құтқару операциясына 10-ӨСБ 2 қызметкері, жергілікті атқарушы органның 2 қызметкері және 1 бірлік Урал-вахтовка техникасы жұмылдырылды .

Атырау облысы ТЖД азаматтардан елді мекеннен шыққан кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды. Жолға шығар алдында ауа райы болжамымен танысып, автокөліктің техникалық жай-күйінің дұрыстығына көз жеткізіп, өзімен бірге қажетті заттарды алып жүру ұсынылады.

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы